Алматыда тұңғыш рет аула командалары арасында шахматтан қалалық спартакиада өтті. Еліміздің мақтанышына айналған, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәліктің шахмат академиясында өткен шараға 14 пен 29 жас аралығындағы 40-тан аса шахматшы қатысты. Жарыс - олимпиадалық жүйенің талабы бойынша өтті. «Кейінгі кезде шахматқа қызығушылық-тың артқаны қуантады» - дейді, шара қатысушыларына сәттілік тілеген Жансая. Айта кетейік, Жансая 1-ші қыркүйекте Бакуде өтетін бүкіләлемдік шахмат олимпиадасына дайындық үстінде. Тығыз жаттығу кестесіне қарамастан, ол ойыншылармен кездесіп, жеңімпаздармен шахмат тақтасында бірге ойнады.

 

Совет СЕЙІТОВ, ҚАЛАЛЫҚ  ЖАСТАР САЯСАТЫН ДАМЫТУ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

Жаз кезінде балалар бәрі каникулда болған кезде апта сайын осындай турнир өткізіп жатырмыз. Бүгін тұңғыш рет шахмат түрнирин өткізіп жатырмыз. Енді осыны болашақта  дәстүрлі турнир жасаймыз деген ойымыз бар. 

 

Сурет: about-chess.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер