Бүгін Көкшетауда Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай «Атом» жобасы» форумы өтеді, деп жазады Казинформ.

 

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

 

Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, шараның мақсаты - ҚР Президенті Н.Назарбаевтың  бастамасымен қолға алынған «Атом» жобасының мақсаты, міндеттері, яғни, Семей ядролық полигонында жүргізілген сынақтың зардаптары және ҚР атом өнеркәсібінің экологиялық аспектілері және радиоэкологиялық зерттеу туралы ақпараттандыру болып табылады.

 

«Kazakhstan Innovations» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтетін шараға сарапшылар, мемлекеттік қызметшілер, қоғам қайраткерлері, бизнес құрылымының өкілдері, мемлекеттік емес ұйымдар, жастар және БАҚ өкілдері қатысады деп жоспарланған.

 

Сурет: Казинформ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер