Нұрсұлтан Назарбаевтың Варшаваға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан-Польша бизнес форумы өтті. Қос тараптан да қызығушылық жоғары. Қазақстаннан 100-ден астам бизнесмен келсе, жергілікті кәсіпкерлердің саны - жеті жүз.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Я смотрю большой интерес. Мест не xватило. Люди стоят. Мне сказали тут 800 бизнесменов. Но когда вы приедите к нам нас тоже будет больше.

 

Серіктестік пен инвестицияға Қазақстан есігі айқара ашық. Бірақ басымдық өңдеу саласына  берілмек. Бұл бағытты поляктар қуана құптап отыр. 25 жылда бірін-бірі зерттеп болған тараптар, енді білек сыбана жұмыс істеуі  тиіс.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

25 лет друг друга изучали. Мы понимаем советское пространство, непонятно что там будет. Пойдешь или нет, есть ли стабильное законодательство. Ну, наверное, хватит  уже изучать. Давайте будем работать. Все нормально, все стабильно.

 

Анджей Дуда, Польша Республикасының Президенті:

Форумға осыншама бизнесмендердің жиналғанына қуаныштымын. Қазақстанға деген қызығушылық өте жоғары. Оның үстіне, Екі елдің байланысын бекемдей түсудің сәті туып тұр. келер  жылы Астанада Экспо көрмесі өтеді. бұл мүмкіндікті де қалт жібермеген абзал.

 

Польшаның ІЖӨ-нің 67 пайызы шағын және орта кәсіптің еншісінде. Ал бізде шағын және орта бизнестің үлесі 30 пайыз шамасында. Демек, поляктардан үйренеріміз бар. Әсіресе, ауыл  шаруашылығында.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Польшада ауыл шаруашылығы кең жолға қойылған. Көкөніс, ет, сүт алдыңғы қатарда. Соны үйренуіміз керек. Сондықтан біз өсіп-өнейік десек, бизнеске жол ашу керек деген сөз. 25 млрд  экспортирует аграрный сектор. Нам надо изучить этот опыт.

 

Поляк бизнесмендерінің тәжірибе бөлісіп қана қоймай, осы салаға инвестиция салуына мүмкіншілігі бар.

 

Бартломей Павляк, Польшаның ақпарат және шетелдік инвестициялар агенттігі директорының міндетін атқарушы:

Қазіргі таңда Польшаның ауыл шаруашылығы саласында үлкен өзгерістер болып жатыр. Кезінде, коммунизм тұсында Польшада жеке шаруашылықтар болған. Бұл өте ұсақ фермалар  еді. Енді осы шағын фермалар бірігіп жатыр. Сөйтіп, олар инвестициялық жобалардың басты қатысушыларына айналуда. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы жүйесінің өзгеруіне ықпалын  тигізуде. 

 

Бизнес форум аясында біраз кәсіпкерлер тілдесіп, келіссөздер жүргізді. Осы күні құны 1 млрд долларды құрайтын 17  келісімге қол қойылды. Құжаттар сан саланы қамтиды. Сондай-ақ, Польша Қазақстанның транзиттік әлеуетіне қызығуда. Ол арқылы Еуразиялық экономикалық одақ  мемлекеттері, Орталық Азия, Қытай, Үндістан мен Иран нарықтарына шықпақ.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Я знаю, что Польше не нравится Евразийский экономический союз. Я инициатор этого дела. Я не думаю, что в Европе правильно об этом рассуждают. Мы с  господином Юнгером договорились провести этой осенью в Брюсселе специальную конференцию «Европейский союз и Евразийское экономическое пространство». Друзья, вы должны понять.  Во-первых, это 180 млн. населения, 2,5 трлн. ВВП. Это таможенный союз, открытые и свободные границы. Это интеграция и больше ничего.

 

Батыс пен шығысты ұштастыратын үлкен дәліздердің бір бөлігі Ресей, екіншісі Польша арқылы өтеді. Елбасы форум барысында транзит жөнінде үшжақты келісім жасауды ұсынды.

 

Жалпы, екі күндік сапар саяси, экономикалық жағынан жемісті болды деуге негіз бар. Польша Қазақстанды әлеуеті зор бес нарықтың қатарына қосып отыр. Оны игеруүшін арнайы үкіметтік  бағдарлама әзірледі. Демек, жасалған келіссөз бен келісімнің келешегі кемел. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер