Варшавада елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Польша Премьер-Министрі Беата Шидломен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық  салалардағы ынтымақтастық жайын талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде екі ел ұстанымының ортақтығы Қазақстан-Польша диалогын жүйелі түрде өрбіту үшін қолайлы негіз болатынын атап өтті. Беата Шидло Астанамен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту Польшаның Орталық Азиядағы сыртқы саяси бағдарының басым бағыты екенін айтты.

 

 

 

Сурет: akorda.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер