Дүниежүзілік нарықта химия өндірісінің өніміне деген сұраныс төмендеді.  Қазіргі экономикалық жағдайда отандық химия өндірісін дамыту мәселелері Таразда өткен үкіметтің көшпелі кеңесінде талқыланды. Облыстағы химия кәсіпорны болашақта агрохимияға ден қоймақ. Осы бағытта қазір аталған өндіріс ошағында 4 ірі жобаны іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Оған құйылатын инвестиция көлемі 700 миллиард теңгеден аспақ. Отандық химия кәсіпорнының басшылары өз ұсыныстарын да жеткізді. Олардың айтуынша, салық және тарифтік саясаттың өзгеруі,  экологиялық заңнамаға өзгерістер енгізілуі және осы саланың субсидиялануы сыртқы нарықтағы тұрақтылықты сақтап, одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Премьер-министр Кәрім Мәсімов барлық ұсыныстарды қарайтын жұмыс тобын құруды тапсырды. Нәтижесі қазан айында өтетін үкімет отырысында талқыланбақ. 

 

Мұқаш Ескендіров, "Қазфосфат" ЖШС бас директоры:

Қазірдің өзінде «Қазфосфат» қиыншылыққа қарамастан, көптеген инвестициялық жобаларды іске асырып жатыр. Бүгін біз экстракциялық фосфор қышқылы өндірісін көрсеттік. Құдай қаласа, бір 2-3 айда іске қосамыз. Ендігі жылы бұл бізге фосфор тыңайтқыш өндірісін үш есе ұлғайтуға көмектеседі. 

 

 

 

Сурет: erkindik.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер