Елордада "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысатын еріктілерді оқыту басталып кетті. Тренингке қатысушылар үш аптадан бері түрлі тақырыпта білімдерін жетілдіруде. Маңызы зор шарада шамамен 4 жарым мыңнан астам ерікті жұмыс істейді деп күтілуде. Қазір таңда оның 3 мыңдайы іріктелініп алынды. Айта кетейік, халықаралық ерікті ретінде қатысқысы келген кез-келген адам қыркүйектің соңына дейін көрме сайтында өтінім бере алады. Басты талап - қазақ, орыс, ағылшын тілінде еркін сөйлей алу және кәмелеттік жасқа толған болуы шарт. 

 

Әділбек Хамиев, ерікті:  

Курстың басталғанына үш апта болды. Сол үш апта біз сабақьтан тыс уақытта келіп дайындалып жатырмыз. Көшбасшылық керек қабілет. Өзіңді ұстау. Бір командада жұмыс істей білу. Байсалдылық қабілеті.

 

Әсел Әбділдина, "Астана ЭКСПО-2017 ҰК" АҚ департамент директорының орынбасары:

Қазір астаналық еріктілерді арнайы оқытып жатырмыз. Алдағы уақытта еліміздің әр өңірінде осындай курстар ұйымдастырылмақ. Өйткені, мың жарым ерікті әр облыстардан алынады деп жоспарланып отыр. Әзірге 5 оқытушы бар. Көрме жақындаған сайын олардың саны артады.

 

 

 

Фото: alau.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер