«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы халық қалаулыларының жіті назарында.  Мәжіліс және «Нұр Отан» партиясының депуттаттық фракциясы елордада бой түзеп жатқан  бірқатар құрылыс нысанының басында болып, жұмыс барысымен танысты. Мына станция  ЭКСПО қалашығына жылу тарататын болады. Оған алдағы қауырт маусымға дейін  40 шақырымдық үлестіргіш желі жалғануы тиіс. Бүгінде жоспарға сай 27 км. құбыр төселіп қойылған.  Сондай-ақ бұл магистраль жаңа теміржол вокзалын жылумен қамтитын болады.

 

Әнуәрбек Сейітов, мердігер:

Обектіге ақша жағынан көлемі 2 млрд. 590 млн. теңге  Енді, бүгінде 2 млрд. игерілді.Енді октябрь айында осы нысанды қолданысқа береміз деп ойлаймын.

 

Жалпы, бас шаһарда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 40-қа тарта нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның тең жартысы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының үлесінде. Өзгесі - әлеуметтік ғимараттар мен жол-көлік инфроқұрылымы. Бұл нысандарға инженерлік желілер тартуға ұлттық қордан 31,5 млрд. теңге бөлінген. Бүгінде құйылған қаржының жартысынан астамы игеріліпті. 

 

Надежда Мирова, «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің кеңесшісі:

Бүгінгі рейд бар құрылыс жоспарға сай жүріп жатқанын көрсетіп отыр. Туындаған мәселелер дер кезінде  шешілетіндіктен, кестеден қалыс қалғандары жоқ. Мердігерлер тапсырылған іске бар жауапкершілікпен қарайды.

 

 

 

Сурет: i1os.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер