Іле Алатауындағы мұздықтардың бірінде басынан ауыр жарақаттанған ресейлік ғалым мен оның жанындағы екі адам құтқарылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, қазір ол Алматы ауруханасында жатыр, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Еске салсақ, оқиға дүйсенбі күні Үлкен Алматы көлінің жоғарғы жағында болған. Алматы маңындағы мұздықтарды зерттеуге келген ғылыми экспедицияны Мәскеу мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері Андрей Кошурников басқарған. Құтқарушылар жапа шеккендерді жерге тікұшақпен алып түскен.

    

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер