Қазақстандық мұғалімдер үш тілде білім беруге дайындалуда. Мысалы, Ақтөбе облысында бұрын қаланың санаулы мектебінде тәжірибе ретінде енгізілсе, енді ауыл мұғалімдері де ағылшын тілін үйренеді. Жаратылыстану мен математика пәнінің ұстаздары 2019 жылға дейін тегін оқытылады. Қазір облыста мыңға жуық мұғалім ағылшын тілін меңгеріп алған. Енді орыс тілді мектептерде жаратылыстану мен тарих пәндерін қазақ тілінде оқыту мәселесі көтеріліп отыр. Сол үшін мемлекеттік тілді тез меңгеруге мүмкіндік беретін әдістемелер де енгізілмек.

 

Алмас БИМУРЗИН,  АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ /ХРОМТАУ АУДАНЫ/:

Бірақ, енді тек қана бір курстан өтіп, ағылшын тілін меңгеріп кету мүмкін емес, сондықтан, біздер ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері және Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскерлері қосылып, жаратылыстану және математика пәнінің мұғалімдерін оқытуда арнайы жоспар құрдық. Сабақ үстінде басқару сөздері және пәнге байланысты термин сөздерді үйрету және тиімді қолдана білу болып табылады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер