Еліміздің шекара теңіз флоты жаңа су көлігімен толықты. Ақтау портында «Сарбаз» зымыранды-артиллериялық кемесінің жалауы салтанатты түрде көтерілді.

 

Шекара күзетіндегі отыздан астам кеме мен катерлерден шоқтығы биік бұл су көлігі де отандық зауытта құрастырылған.

 

РУСТАМ ИСМАИЛОВ, «САРБАЗ» КЕМЕСІНІҢ КОМАНДИРІ:

Кеме зауыт сынақтарынан сәтті өтті. Міне, бүгін шекара теңіз флотының туын көтеріп, қатарға қосылдық. Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігін кез-келген қатерден күндіз-түні қорғауға дайынбыз.

 

«Сарбаз»  ендігі сәтте суастынан келер қауіпке тойтарыс бере алады. Теңіз түбіне түсірілетін мына құралдың көмегімен мамандар кез-келген нысананың орналасқан жерін дәл анықтайды.

 

ҚАДЫРЖАН МҰКАНОВ, ҚР ҰҚК ШҚ ЖАҒАЛАУ КҮЗЕТІ АЙМАҚТЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жағалау күзетінің жеке құрамы жыл сайын жаңа кемемен толығуда. Шекарашылар мемлекет тыныштығын қорғауға тас-түйін әзір. Аталған кеме суасты соғысуға қауқарлы болуына баса мән берілді. Қосымша күш жеткенге дейін он күн бойы өз бетімен жауға қалқан бола алады.

 

«Сарбаздың» су ығыстыру салмағы - 250 тонна. Жылдамдығы -сағатына 60 шақырым. Тәуліктің қай мезгілі болмасын, теңізден келер қатердің бетін қайтаруға барынша есептеліп жасалған.

 

 

Сурет: www.newstaraz.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер