Қарағанды хайуанаттар бағында екі пума дүниеге келді. Бұл тоғыз жасар Мурзик пен жеті жасар Бусинканың екінші күшіктері. Алғашқылары циркке берілген болатын. Әзірге кішкентай тау арыстандарының терілерінде дақ бар. Дегенмен, екі жылдан кейін олар бір түсті болады. Мысық тұқымдас бұл жануар Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Қазір екі кішкентай тау арыстанына ат қою үшін байқау жарияланды, деп жазады 24.kz.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер