Қазақстанда израильдік технология бойынша ұшқышсыз басқарылатын ұшу қондырғыларының өндірісі жолға қойылмақ. Қос елдің қорғаныс министрлері осындай уағдаластыққа қол жеткізді. Израильге ресми сапармен барған Қазақстан қорғаныс саласының басшысы Иманғали Тасмағамбетов шетелдік әріптесі Авигдор Либерманмен кездесті. Екіжақты уағдаластыққа сәйкес, ұшу қондырғыларының өндірісін Астанадағы авиациялық-техникалық орталықтың базасында ашу жоспарланған. Ал қазақстандық әскерилер Израильдегі операторлар даярлау орталығында оқитын болады. Сондай-ақ, қос тарап қауіпсіздік саласында ақпарат алмасу туралы келісімге келді. Бұдан бөлек, сапар шеңберінде қазақстандық делегация Израильдің әскери техника жасайтын жетекші компанияларын аралады. 

 

Сурет: ww.elarna.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер