БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Түркиядағы лаңкестік әрекеттен соң терроризммен күресті күшейтуге шақырды. Ол Газиантеп қаласында үйлену тойында болған шабуылды қатаң сынға алып, қаза тапқандардың жақындарына көңіл білдірді. Бас хатшы, сондай-ақ, оқиғаға жауаптыларды тауып, экстремизмге қарсы халықаралық және аймақтық дәрежедегі күресті нығайту қажеттігін атап өтті. 

 

Айта кетейік, сенбі күні Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп қаласында болған жарылыстан 51 адам қаза тапқан еді. Жарақат алған 70-ке жуық кісінің 17-ісі ауыр халде. Шабуыл үйлену тойының кезінде іске асырылған. Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған жарылысты жасы 12-14 шамасындағы жанкештінің жасағанын мәлімдеді.

 

Реджеп ТАЙЫП ЕРЖОҒАН, ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Қолда бар мәліметке сәйкес, Газиантептегі үйлену тойында 12-14 жастың аралығындағы бала өзін-өзі немесе оны біреу жарып жіберген. Полицияның болжамынша, шабуылды Ирак пен Левант лаңкестік тобы ұйымдастырған.  

 

Жексенбі күні елдің Ыстамбұл қаласында ондаған адамның өмірін жалмаған лаңкестік әрекетке байланысты жүздеген адам ереуілге шықты. Көшеде жиналған жұрт бұл шабуылға үкімет кінәлі деп өз наразылықтарын білдірген.

    

Джелал ЙАМАН, ЕРЕУІЛШІ:

 

Біз бұл оқиғаға үкіметтің қатысы бар. Оны  түрік қоғамына қарсы жасалған шабуыл деп есептейміз. 

 

Сурет: life.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер