Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Павлодар облысында «Ұлы дала елі» атты ауқымды фестиваль өтті. Ұлан-асыр тойды тамашалау үшін меймандар сонау Монғолия, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген. Атаулы датаға орай облыс орталығында жоңғар шапқыншылығы кезінде елін-жерін жаудан қорғаған Малайсары Тарханның ескерткіші бой көтерді. Орта жүзден шыққан дарынды қолбасшы, атақты батырды Павлодар жұртшылығы пір тұтады.

 

Айман ЗЕЙНУЛЛИНА, С. ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПМУ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ:

 

Бұл - тарихқа, батырға деген тағзымымыз. Ұрпаққ өнеге және үлкен құрмет. Ең басты қуанарлығы бұл кәжімгі өткен ғасырдың батырларын көргенедй біздегі қасиетті киіз үйлеріміз еркін жүріп, міне үлкен бір қуанышты күн болып жатыр».

 

Шараның негізгі бөлігі Кенжекөл мекеніндегі этноауылда өтті. Кезінде елдің тарихына қатысты маңызды мәселелер халық арасында «Ақтөбе» аталып кеткен осы дөңнің басында шешілген деседі. Қырықтан  астам ақшаңқан киіз үй мен Хан шатыры тігілген. Шеберлер ат әбзелдерін, зергерлік бұйымдардарын көпшілік назарына ұсынды. Халық құмыра жасау өнеріне де қанық болды.

 

Айгүл ҮЛКЕНБАЕВА, КҮЙШІ:

 

«Мынандай этноауыл құрылып, халықтың бүгін бәрі мәз мейрам. Осындай мерекелік көңіл күй сезіліп тұр. Енді еліміздің таныштығы, халқымыздың елдегі тұрақтылық тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болып бәрі ұзағынан болғай».

 

Серік ТОЙҒАНБАЕВ,  К.А.ТИМИРЯЗЕВ АТЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРОФЕССОРЫ (РФ):

 

«Біз сыртта жүргенде мен өзім Мәскеуде тұрамын. Сырнт ажүргенде елімізбен, жерімізбен мақтанамыз. Маұтанатын жерде бар, ел де бар. Елдің ұлылары да бар».

 

Ақындар айтысы, каскадерлік шоу мен «Саятшылар» көрінісі тойдың көрігін қыздырды. Баянауыл ауданындағы Ескелді шатқалында туристерге арналған қонақ үй қолданысқа берілді. Ал қалалық ипподромда ат бәйгесі өтті. «Ұлы Дала Елі» фестивалі гала-концертке ұласты.

 

Сурет: bnews.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер