Бурабай курортты аймағында  қазір ЭКСПО-2017 көрмесіне деген дайындық қызу. Даңғыл жол өтетін тұстардағы жеке тұрғын үйлердің біразы алынып тасталады.  Оларды иелерінен сатып алу үшін 2 млрд теңгеге жуық қаражат қажет. Барлығы 60 шақты үй жермен жексен болады деп жоспарлануда.  Бұған жергілікті халық та қарсы емес.

 

Александр Писарюк, Бурабай ауылының тұрғыны:

Ауылдың ажарланып жатқаны бізді қуантады. Бұл жер бұрын қандай еді? Қазір міне, қолға алынып, көгеріп, дамып жатқан жайы бар. Барлығын қалыпқа келтірсе, өте жақсы болар еді.

 

Айбек Айтбаев, Бурабай аудандық ТКШ және автокөлік жолдары бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы:

Жоба бойынша Бурабай ауылын қалыпқа келтіру жұмыстары кезінде 33 жер телімін мемлекетке қайтаруға тура келеді. Олардың жалпы құны 689 млн теңге. Мына жол салынған соң, Бурабай ауылының орталық көшесінің жүктемесі біршама азаяды. Осылайша ол көшедегі көлік кептелісін жоя аламыз.

 

Бурабайды дамытудың бас жоспарына бірінші кезекте жол  мәселесі,- дейді мамандар. Мұнда  келген туристер алдымен Шортанды  ауданының орталығын басып өтетінін ескерсек, мұндағы жолдардың сапасы мен көркейту жұмыстары басты назарда. Айта кету керек, соңғы жылдары Шортанды-Бурабай курортты аймағын дамытуға ел қазынасынан 22 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. 

 

 

 

Сурет: www.advantour.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер