Жетісулық бағбандар енді әр гектардан 60-70 тонна алма жинаймыз, -деп құлшынып отыр.

 

Жергілікті шаруаларға  алма өсірудің жаңа интенсивті әдісін америкадан келген агроном Патрик Брейди үйретуде. Қазір тоғыз гектар бақта алманың 17 түрі өсіріледі. Жаңа әдіспен егілген көшеттер екінші жылы-ақ өнім бере бастаған.

 

Патрик Брейди, агроном /АҚШ/ :

Басында көбірек ақша керек. Мысалы гектар бойынша аз дегенде 30 мың доллар керек бір гектар үшін. Себебі көп көшет кетеді. Бір гектардың ішінде шамамен 3 мың көшет керек. Ал бұрынғы ескі жолмен шамамен 200-300 көшет жететін.

 

Көшеттің тез жерсінуі үшін шаруа қожалығы гумус қолданады. Ол үшін Калифорниялық қызыл құрттарды асырап отыр. Экологиялық таза гумуспен тыңайтылған жерден алынған алманың дәмі тіл үйіреді.

 

Дәуір Момбаев, шаруа қожалығы директорының орынбасары:

Бір тонна қидан 600 килограмм таза гумус шығады. Бір гектарға 4 тонна гумус кетеді. Ал сиырдың қиын алатын болсақ бір гектарға 40 тонна сиырдың қиы керек болады.

 

Іле Алатауының баурайы алма өсіруге өте қолайлы. Дегенмен, мол әрі сапалы өнім алу үшін білікті агрономдар қажет. Қожалық басшылары жастарды бағбандыққа баулуды мектеп жасынан бастап отыр.  

 

Мұхит Жайлаубаев, алма бағының басқарушысы:

Мектептердің оқушыларын практикаға шақырамыз. Биология пәнінен, басқа пәндерден келеді. Специалистармен келеді. Әр ағаш қалай өседі. Қайдан шығады? Қандай алма береді. Солардың бәрін қолмен ұстап, көзбен көріп, қалай өсетіндеріне көздерін жеткізіп үйренеді.

 

Түрген ауылындағы шаруа қожалық енді бір жылдан кейін интенсивті бақтың әр гектарынан 60-70 тонна алма жинауды жоспарлап отыр. Ал америкалық агроном Патрик Брейди «Егер қазақстандық фермерлер осы технологияға көшсе, ішкі нарықты жергілікті алмамен толық қамтамасыз етуге болады»- дейді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер