Қостанай облысының бағбандары қарбыздың ерекше түрін өсіріп шығарды. «Сары айдаһар» аталатын дақыл тиімді технология арқасында аз шығынмен мол өнім береді. Тәжірибелі бағбан Виктор Цойдың жыл сайын 13 гектар жерге бақша салады. «Сары айдаһар» атты тұқымын егу, суару, баптауында өзге қарбыздан айырма жоқ,- дейді  бақша иесі.

 

Виктор  Цой, шаруашылық басшысы:

Бүкіл облыста сары қарбыз бізде ғана бар. Дәмі тіл үйіреді. Қызыл қарбыздан кем емес, тіпті артық десе де болады. Өйткені, біз алқапта ешқандай химикат қолданбаймыз. Бірінші жыл тәжірибе жасап көрдік, биыл көптеп ектік. Адамдар таңырқап жатыр, олар үшін таңсық, әрине. Бүгінде сатуды бастадық.

 

Таран ауданында бақша салып, көкөніс егетін 20 шаруашылық бар. Олардың бәрі тамшылатып суару әдісіне көшкен. «Бұл тәсілді қолданған алқаптарда өнімділік 40 пайызға жоғары болады.

 

Эверест Ким, шаруашылық басшысы: 

24 гектар жерге егіс саламын. Соның төрттен біріне қауын-қарбыз, қалғанына көкөніс ектік. Көктемгі егіс кезінде біраз қиналсақ та, биылғы жаз қолайлы болды. Әр гектардан 60 тоннадай қарбыз алып отырмыз. Тамшылатып суарғанымыз үшін демеуқаржы береді. Тыңайтқыш жағынан да үкімет көмектеседі.

 

Қауын-қарбызды өткізуде қиындық туындаған емес. Көршілес аудандар мен Қостанай, Рудный, Лисаков қалаларынан өздері келіп сатып алып кетеді. Шаруашылықтар арасында өзара бәсекелестік жоғары. Бақша шаруашылықтары көкөніс өнімдерімен Таран ауданын толықтай қамтасыз етеді. Артылғаны арнайы қоймаларда сақталып, жыл он екі ай облыс орталығына қолжетімді бағамен жеткізіліп тұрады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер