Жыл сайын мыңдаған мектеп бітіруші шекті балл жинай алмай, жоғары оқу орнына  түсу мүмкіндігінен қағылады. Мәселен, биылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысын қарасақ, 14 мың түлек сынақтан сүрінген.

 

Алайда, мемлекет оларға жәрдемдесіп, кешенді тесті қайта тапсыруға рұқсат етті. Бүгін басталған емтихан елдегі 37 университеттің базасында өтіп жатыр. Жексенбі күні аяқталады. Бұл түлектерге мемлекеттік білім гранты берілмейді. Межелі баллды жинағандар жоғары оқу орнында ақылы негізде оқиды.    

 

Кешенді тестті қайта тапсыруға 50 мың өтініш түскен. Арасында шетелдік жоғары оқу орындарынан ауысып жатқан студенттер де бар. Бұл емтиханның қорытындысын ұлттық тестілеу орталығының сайтынан білуге болады. Айтып өтейік, 2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі өзгереді. Яғни, жоғары білім алғысы келген түлек қана тест тапсырады. Қалған мектеп бітірушілер аттестатты кәдімгі емтиханнан өтіп, алады.

 

Аяжан РАХИМОВА:

Тағы бір сынап көреміз бағымызды. Қазіргі таңда балалардың жоғары білімі болғаны жақсы ғой.

 

Өмірхан ҚАСЫМБЕКОВ, АТА-АНА:

Күтіп отырмыз. Аман-есен тапсырып шықса дейміз.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер