Қазақстандық көлік жүргізушілер 3Д форматында емтихан тапсырады. Еліміз бойынша 11 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа жүйені енгізіп, куәлік алам деушілерден сынақ қабылдауда. 3Д форматындағы сұрақтарда Астана көшелері дәлме-дәл суреттеледі. Яғни, компьютер алдында отырып, жол белгілерін көлікпен қозғалып келе жатқандай айқын ажыратып, қай тұсында қандай ережені сақтау керектігіне жауап беру қажет. Жаңа емтихан билеттері үкімет қаулысына сәйкес жаңартылды.

 

Бауыржан НАХАНОВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Осы билеттер 12 спеццонда енгізілді. Қалғаны жылдың аяғына дейін емтихан тіркеу бөлімдеріне енгізілді. Қазір 11. 12-ші бір айдың ішінде Шымкент қаласында ашылады. Қалған төрт аймақта келесі жылы ашылады.

 

Жүргізушілерге арналған емтихан базасында 1000-ға тарта сұрақ бар. Барлығы жаңа жүйе бойынша өзгертіліп, тек мазмұны бәз-баяғы қалпында сақталды. Емтихан тапсырушы қырық сұраққа жауап беріп, 32-сін дұрыс белгілеуі қажет. Сосын тәжірибелік сынақтың 12 түрлі жаттығуды мүлтіксіз орындауы тиіс.

 

Марат ҚОРДАБАЕВ, АҒА МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОР:

3Д билеттер өте ыңғайлы, Емтихан тапсырушы жағдайды шынайы бақылай алады. Әрі жан-жақты түсінікті түрде жазылған. Жаңа жүйе қолға алынған уақыттан бері Астанадағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында 308 адам емтихан тапсырды. Солардың 97-сі практикалық сынаққа жіберілді. Қалғанына тағы бір мүмкіндік берілді. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер