Қазақстанның гендерлік саясат саласындағы тәжірибесі Ауған еліне таратылады. Елордада Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен БҰҰ Даму бағдарламасының еліміздегі  тұрақты өкілі Норимас Шимомура осы тұрғыда бірлескен шараларды өткізуді көздейтін ресми құжатқа қол қойды. Қанатқақты жоба  Ауған әйелдерінің   экономикалық дербестігін арттыруға бағытталған. Келісім аясында мемлекеттік басқару, медицина және білім беру салаларында қызмет ететін әйелдердің құқықтарын қорғауда Қазақстанның озық тәжірибесі енгізілетін  болады. Айта кетейік, Қазақстан осыған дейін Ауғанстан азаматтарын оқыту мен әлеуметтік жобаларының инфроқұрылымын жетілдіруде қаржылай және кәсіби кеңестік қолдау көрсеткен болатын. Жалпы еліміз бүгінге дейін сырт мемлекеттерге 300 млн. долар көлемінде демеу жасапты.

 

Норимас Шимомура, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі:

Игі істі жүзеге асыру үшін жұмсалатын  400 мың доллар көлеміндегі қаржыны «БҰҰ Даму бағдарламасы мен Жапония» әріптестік қоры бөліп отыр. Қазақстан бағдарламаны құрып, оны үйлестіруші ел болады.  Жобаны іске асыру шаралары әлі нақты бекітілген жоқ. Сол себепті құжаттың мақсат-міндеттерін толықтыруға мүмкіндік бар.

 

Мохаммад Фарук Бараки, Ауғанстанның Қазақстандағы Елшісі:

Бүгін Ауған парламентіне 75 әйел депутат болып сайланды. Бұл халық қалаулыларының 30 пайызын құрайды. Жуырда әйелдер істері  жөніндегі министрлік жұмысын бастады.  Ауғанстан 40 жыл соғыстың зардабын шеккен. Оның  гендерлік саясатын заман талабына сай жетілдіруде бұл салада тәжірибесі мол Қазақстан үлкен жәрдем жасайтынына сенімдімін.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер