ТМД аумағында алғаш рет неміс технологиясымен асфальт жабындысы төселді. Шағыл тас пен мастикалы афсальттан жасалған материал біріншіден су өткізбейді. Сондықтан жолдың сапасы бұзылмайды. Екіншіден құйылмалы тас жолға қарағанда тайғанақ емес. Көлік дөңгелегі белгілі бір деңгейде жолмен жанаса қозғалатындықтан, жолдағы шу да азаяды. Бұл - көлігі көп ірі мегаполис үшін өте қажет, - дейді мамандар. Жаңа асфальт жабындысын сынақтан өткізу мақсатында 2014-ші жылы қаладағы бірнеше көшеге төселген. Ауа райы құбылмалы ылғал көп түсетін шаһар көшелерінде жаңа жолдар жақсы сақталып, төзімділігін дәлелдеді. Германияда 2010-шы жылдан бері қолданылып келе жатқан жаңа асфальт жабындысының құны қолданыстағы материалдармен бірдей. Алдағы уақытта қаланың барлық жолдарына, осы технологиямен жасалған асфальттар төселіп, қайта жөндеу жүргізіледі. Бұрынғы құйылмалы асфальт-бетонның пайдалану уақыты 15 жыл болса, неміс технологиясымен жасалған жолдар 30 жылға дейін шыдас береді.

 

Ғани Мырзаханов, қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

Соңғы 4-5 жылдың ішінде Алматы қаласында біраз жаңа технологиялар жаңа материалдар әкелініп, тәжірибеден өткізіліп, тексеріліп жатыр. Біраз жақсы нәтижелер бар. 004409 Алматы қаласында үлкен магистральды жолдарды осы материалды қолданылуымен әрине жөндеу жұмыстары жүргізіледі.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер