Алматыда 120 жас отбасы баспаналы болды. «Саялы» ықшам ауданынан жаңа пәтерге қол жеткізген жұртшылық қоныс тойын тойлауда. Баспаналы болуды армандаған Жасұлан Атантаев банктегі есепшотына бес жыл бойы ай сайын 25 мың теңге аударып отырған. Депозиттен түскен қосымша табысты ескермегенде, осы уақытқа дейін тек 1 миллион 500 мың теңге жиналған.  Бұл қаржы жас отбасының 2 бөлмелі пәтер кілтін алуына негіз болды.

 

Жасұлан Атантаев, пәтер иесі:

Екі бөлмелі пәтердің иегері болып отырмыз. Өте қуаныштымыз.Ай сайын 8 жылға төлейміз. Өзіміздің атымызда үй болады. Екі бөлмелі пәтерге айына 40 мың теңге төлейміз.

 

Алатау ауданындағы 65 тұрғын үйлерді салуға мемлекет қазынасынан 15 миллард теңге жұмсалды. Бүгінде  Алматыда баспана кезегінде 25 мыңнан астам азамат тұр.  Олардың 3 мыңы жыл соңына дейін пәтерлермен қамтылады.

 

Сұлтанбек Мәкежанов, қала әкімінің орынбасары:

Бұл осы жылы 25 мың кезекте тұрған азаматтардың 12 пайызы тұрғын үй алады деген сөз. Біз кілт беріп отрыған жаңа үйлер Қолжетімді баспана бағдарламасы шеңберінде салынды.  Жалпы алғанда, келесі жылы 6 мың отбасын немесе кезекте тұрған 24 пайыз азаматты қоныстандыру жоспарланған.

 

Ал жас отбасы ретінде қолжетімді баспана алу үшін отбасы кем дегенде 2 жыл отасқан болуы шарт. Сондай-ақ, жас ерекшелігіне де мән беріледі. 29 жасқа толмаған жас жұбайлардың міндетті түрде балалары болуы керек. 

 

 

 

Сурет: kapital.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер