Оңтүстіккореялық компания Қазақстанда таза табиғи ауыз су өндірісімен айналысуға ниет танытты. 9 елде дәл осындай жобаны қолға алған шетелдік компания жасыл технология бойынша қаржы салуға мүдделі. Қазір компания өкілдері еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері мен энергетикалық әлеуетімен танысып жатыр. Әлемде табиғи қуат көзін пайдалану 1 пайыздан сәл асады. Бұған күн және жел станцияларын орнататын жердің болмауы себеп.

 

Ким Джонг Хо, зауыттар мен электр станцияларын салатын компанияның президенті:

Қазақстан жер көлемі жағынан 9 орында. Менің білуімше, ол Кореяның аумағынан 40 есе үлкен. Әрине, бұл өз кезегінде электр энергиясын пайдалануда қиындықтар туғызады. Желі орнату үшін қыруар қаржы керек. Сондықтан сіздің елде күн электр станцияларының санын арттыру қажет.

 

Компания 2000-шы жылдан бері Кореядан тыс жердегі жобаларды жүзеге асырумен айналысып келеді. Олардың қатарында Африка, Таяу Шығыс елдері мен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері бар. Енді Қазақстандағы инвестициялық климатты зерттей бастады. Оған қоса, 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысу ниеті бар.

 

Ким Джонг Хо, зауыттар мен электр станцияларын салатын компанияның президенті:

Бұл салада жинаған тәжірибеміз мол. Заманауи технологияны пайдаланамыз. Үнемі жаңартып тұрамыз. Өз мүмкіндіктерімізді Астанада өтетін ЭКСПО көрмесінде паш етуді көздеп отырмыз.

 

Компания басшылары еліміздегі іскерлік климат пен энергетикалық әлеует шетелдік инвесторларға ұзақ мерзімді бизнес-жоспар құруға мүмкіндік береді деп есептейді. 

 

 

 

Сурет: znaj.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер