2017  жылы орыс тілінде білім алып жатқан балалар қазақ тілін меңгерудің жаңа коммуникативтік технологиясын үйренеді. Бұл туралы еліміздің білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев республикалық тамыз конференциясы барысында мәлім етті. Сондай-ақ, ведомство басшысы білім беруді жетілдіру мақсатында оқытушылардың диплом сапасы тексерістен өтетінін хабарлады. Алқалы жиынға Қазақстанның барлық өңірлерінің ұстаздары келіп, өзекті түйіткілдерді талқылауға қатысты. Олар панельдік сессиялар аясында "Үш тілде оқыту", "Академиялық ортадағы инновациялардың кадр даярлау сапасындағы рөлі", "Педагогтардың кәсіби дамуы" мен "Арнайы және инклюзивті білім беру үрдісі" сынды тақырыптарды талқылады. Тәуелсіздік жылдарындағы білім беру саласындағы жетістіктер конференция барысында ұйымдастырылған  арнайы көрме барысында халық назарына ұсынылды. Ал, ең үздік мұғалімдер министрлік атынан марапатталды.

 

Ерлан САҒАДИЕВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыса да, олар қазақ тілін күнделікті өмірде қолданбайды. Сол мектептерге жаңа әдістеме керек болып тұр. Бұл үшін біз мемлекеттік тілді тез үйренуге арналған жаңа әдістемені, жаңа оқулықтарды бірлесіп дайындауға Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Шаяхметов атындағы орталықты, отандық ғалымдар мен методологтарды шақырдық. Жаңа әдістеменің негізгі жобасы дайын. Кешегі секцияда көрсетіліп, талқыланды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер