Жыл басынан бері «Сот кабинеті» онлайн-қызметі арқылы елорда соттарына азаматтардан 32 мыңнан аса арыз бен 2,5 мыңға жуық өтініш түскен. Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар тақырыбына арналған конференцияда осындай мәліметтер айтылды. Аталған онлайн-қызмет 2014-ші жылдың ортасында іске қосылған. Енді қазақстандықтар үйлерінен немесе жұмыс орнынан шықпай-ақ, арыз-шағымдарын, өтініштерін сотқа жолдай алады. Электрондық қолтаңбасы бар азаматтың бұл сервис арқылы 8 қызмет түрін пайдалануға мүмкіндігі бар.

 

Ботагоз Баянова, Астана қ. Сотының ақпараттық бөлімінің бастығы:

Күннен күн асқан сайын, технология дамыған заман болғаннан кейін әрине әрбір жеке тұлға өзінің уақытын тиімді пайдаланып, интернет желісі арқылы барлық жұмыстарын қолайлы жүргізгісі келеді. Осыған сәйкес, соттардың халыққа деген тиімділігін арттыра түсу, және де «сот кабинеті» арқылы барлық арыздардың келіп түсуі әрине оның тек қана соттың ғана жұмысын жеңілдетпейді, сонымен қатар, халықтың уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер