2009 жылдан бері «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясында 43 мыңға жуық жас маман ауылдарға жұмыс істеуге барған. Жыл сайын ауылдарға шамамен 5 мың жас маман келеді. Оларға бір рет берілетін көтерме жәрдемақыны айтпағанда, баспана сатып алуға немесе оны өзім саламын деген маманға 1500  айлық есептік көрсеткіш көлемінде несие беріледі. Бұл сома бүгінде 3 млн 200 мыңға жуық. Ал, несиенің пайыздық үстемақысы 0,001 пайызды құрайды.

 

Бағдарламаның шарапатын көрген жастың бірі – Гүлдана Молдағалиева. Ол - физика пәнінің мұғалімі. Осымен екінші жыл ұстаздық етпек. Былтыр Целиноград ауданындағы №2 Қосшы орта мектебіне жұмысқа орналасқанда бірден сынып жетекшісі болып тағайындалған.  

 

Гүлдана МОЛДАҒАЛИЕВА, ЖАС МАМАН:

Екі тілде де сабақ бергендіктен, орыс сыныбы жетекшілікке түсті. Балалармен жұмыс істеу оңай емес. Оқушыларымды туғандарымдай жақсы көріп, тіл табысып, білімді қазақ тілінде алғанымен, орыс тілін жетік білемін.

 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырылуына жауапты Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, соңғы 7 жылда ауылға барған 42 мың 700-ден астам жас маманның 31 мыңы - білім беру саласында жұмыс істейді. 9 мыңдайы - денсаулық сақтау, 1 мыңнан астамы - мәдениет саласының мамандары.

 

Данияр ИГІМБАЕВ, ҚР ҰЭМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Егер бағдарлама жүзеге аса бастаған кезден бастап айтатын болсақ, жас мамандар көбіне Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарын таңдайды. Біз оларға мына ауылға бар деп айтпаймыз. Өздері таңдайды содан соң құжаттарын тапсырады. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер