«Спорт бейбітшілік пен келісім үшін». Елордада осындай ұранмен «Ел рухы» - «Жазғы олимпиада» фестивалі ашылды. Қазақстан халқы ассамблеясының мұрындық болуымен ұйымдастырылған шараға елдің түкпір түкпірінен спортшылар жиылды. 2 күнге жалғасатын додада қазақша күрес, тоғызқұмалалақ, волейбол, үстел теннисі, мини-футбол, армрестлинг пен таэквандо сияқты спорт түрлерінен мықтылар анықталады.  Еліміздің барлық аймақтарында жұмыс істейтін түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері осы фестивальдің ортасынан табылады.

 

Ардақ Отарбаев, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

Барлық халықтардың өкілдері спорт арқылы өздерінің бірліктігін білдіреді. Біздің елімізде биік тұғырда көрінеді. Бірігудің арқасында қазір спортшыларымыз Риода жақсы көрсеткіштерге жетіп жатыр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер