Озық үлгідегі үнемдегіш құрылғылардың арқасында табиғи таза өнім алып, өсімдік егудің тың әдісін ауыл халқыда үйренуде.  БҰҰ Даму бағдарламасы қайтарымсыз негізде бағбандықты жетілдіруге бағытталған жасыл технологияларды елді-мекендіктерге тарату жобасын жүзеге асыра бастады. Әзірге қанатқақты бастаманың мүмкіндігін жүзге тарта ауыл еңбеккері сынап көрмек. Бүгінде еліміздің 8 өңірінде  осы төңіректегі 14 инновациялық жоба жүзеге асып, қатысушылар шарапатын көре бастаған. Оларға бау-бақшаларындағы  өнімін  тамшылап суару жүйесі, үсік-суықтан қорғау мен жер астында ылғал сақтаудың  қолжетімді және қарапайым жаңалықтары қызмет етуде. 3 жылдың ішінде толығымен игеру көзделген бағдарлама қоры 600 мың еуроны құрайды. Тәжірибелік бастама тіршілік көзі мен табиғи ресурстарды үнемдеудің тиімді жолдарын тауып, әр аймаққа таратуды көздейді. 

 

Әлихан Әбдешов, «Өгем» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

25 жылдан бері қарай ауыз су жоқ еді,  біз қазір ауылға суды бердік. Күннің көзінен, желдің епкінімен энергия алып, сол энергияны суды шығаруға пайдаланып жатырмыз.

 

 

 

Сурет: sad6sotok.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер