Қазақстан теңізшілері халықаралық «Теңіз кубогы-2016» әскери ойындарынан жүлдемен оралды. Жеңімпаздарды Ақтау теңіз портында әскери-теңіз күштері басшылығы мен жақындары күтіп алды. Каспийде өткен теңіз биатлонына қазақстандық әскерилер биыл екінші рет қатысып отыр. Бұл жолы ел намысын қорғау «Орал» әскери-зымыранды кемесіне жүктелді. Экипаж жарыс талабына сай жорық кезінде кездесер оқыс оқиғалармен күресуде тәжірибелі екенін көрсете білген. Ал жарыстың бірінші жүлдесі ресейліктерге бұйырды.

 

Сәкен БЕКЖАНОВ, ҚР ӘТК БАС  ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Жеңіске жету мақсат емес. Бастысы, Қазақстан әскери-теңіз күштерінің жалауы үздіктер қатарынан көрінді. Келер жолғы сайысқа жақсы дайындықпен барып, алтын аламыз деген үмітіз бар.

 

 

 

Сурет:  tumba.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер