Қарағанды өңірінде ерекше пирамидаға қазба жұмыстары жүргізілуде. Тарихшылар бұл қорғанды Бейғазы-Дәндібай мәдениетіне жатқызып отыр. Ежелгі мавзолей үш мың жыл бұрын салынған.

 

Археологтар адамның бас сүйегін тауып алды;

Оң жағына жатқызылған екен. Басы оңтүстікке қарап жатыр. Бас жағына бірден 5 ыдысқа дейін қоятын болған.

 

Ежелгі қорғанның биіктігі 2 метр, 5 қабаттық қабырғадан тұрады. Тарихи ескерткіш Қарағанды қаласынан 120 шақырым жердегі  Талды аулының маңында орналасқан. Ғалымдар пирамиданың құрылысына қарап, оның Сарыарқаны мекендеген жергілікті тайпалардың көсеміне арнап салынғанына болжам жасап отыр.

 

Сағындық ЖАУЫНБАЕВ, ҚАРМУ ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ:

 

Бір кереметі, қола дәуірінің соңғы кезінде мүлік теңсіздігі пайда бола бастаған, мынандай үлкен қорғандар тұрғызған. Осы қорған патшаның қорғаны шамамен. Екі рет тоналуы мүмкін. Әрине бағалы заттардың барлығын алып кетті, дегенмен сүйегі қасылдағы атының бас сүйегі болуға тиіс.

 

Бұл маңайда  пирамидадан басқа 30 шақты қорым бар. Олар таяз, әрі шағын. Барлығында адамдар тұрмыстық заттарымен бірге жерленген. Кейбірінен қыш, қоладан жасалған бұйымдар қазылып алынды. Жәдігерлер жақсы сақталған.

 

Ернар БЕЙСЕНБАЕВ, ЭКСПЕДИЦИЯ МҮШЕСІ:

 

Олар қанжарды  мынандай тастың астына тығып қойған. Өйткені қорғандар тоналған,сондықтан олар жақсылап орналастырған пышақты. Бізде мұндай заттарды таба алмаушы едік, металл іздеуіш құрылғының көмегімен тауып алдық.

 

Мавзолейді археологиялық зерттеу жұмыстары аяқталған соң оған тарихи ескерткіш деген ресми атау беріледі.

 

Сурет: vesmirnaladoni2011.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер