Еліміздің сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов шетелдік дипкорпус өкілдерімен кездесу өткізді. Министр Қазақстанның сыртқы саясаттағы маңызды бастамаларына тоқталып өтті. Солардың бірі – «Ядролық қарусыз әлем құру» атты халықаралық конференциясы. Айтулы шара елордада әлем елдерінен 150-ден аса делегаттың басын қоспақ. Олардың қатарында антиядролық қозғалыстың қайраткерлері, шет мемлекеттердің жоғары лауазымды өкілдері және халықаралық ұйымдардың мүшелері бар. Ядролық қарусыздану тақырыбына арналған халықаралық конференция 29-тамыз - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні өтеді. 

 

Сурет: today.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер