Қолөнермен айналысатын әйелдер ЭКСПО-2017 көрмесіне жұмылдырылмақ. Халықаралық көрме барысында шетелдіктердің назарына ұсынылатын қолөнер бұйымдарының көрмесіне ерекше атау беру де жоспарлануда. Бұл мәселе бүгін кәдесый өндірісінің әлеуеті мен қолөнерді дамытуға арналған жиында талқыланды. Бұл саланы дамыту үшін өңіраралық байланысты нығайту көзделуде. Қолөнер бұйымдарын ел ішінде тасымалдап, әйелдер қауымының бизнесі мен табысын тұрақты етуге баса көңіл бөлінбек.

 

Салтанат РАҚЫМБЕКОВА, EXPO & WOMEN» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӨРАЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

 

ЭКСПО көрмесіне ғана емес, жалпы қалада да бірнеше жерлер болу керек деп ойлаймыз. Қолөнер бұйымдарын әдемілеп көрсететін жерлер. Үлкен көшелерге арбат ретінде қысы-жазы қолөнер бұйымдарын қоюға мүмкіндік береміз.

 

Сурет: el.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер