Өскеменде Қазақстан және Ресей ішкі  істер министрліктері бірлескен алқасының екінші отырысы өтті. Жиынға қос мемлекеттің ішкі істер министрлері Қалмұханбет Қасымов пен Владимир Колокольцев және олардың орынбасарлары, шекаралық ішкі істер органдары бөлімшелерінің өкілдері қатысты. Делегация басшылары ведомствоаралық екіжақты ынтымақтастықтың дамуына жоғары баға берді. Отырыста экстремизмге қарсы күрес жолындағы екі елдің бірлескен жұмыстары талқыланып, террористік ұйымдар туралы мәлімет алмасу жайы сөз болды. Жиын соңында делегация басшылары екіжақты байланысты нығайтуға бағытталған келісімге қол қойды.

 

Сурет: www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер