ҚР Парламенті депутаттарының өңірлерге сапары жалғасуда. Мәжіліс депутаты, "Нұр Отан" партиясының фракция мүшесі Бақытжан Әбдірайымов Жамбыл облысының Талас ауданында болды. Өңірде өндіріс пен мал шаруашылығы қатар дамыған. Жергілікті "Шолақтау" кеніші елдегі фосфорит өндірісінің жартысын қамтып отыр. Кәсіпорын биылғы 7 айда мемлекетке 1 миллиард теңге салық төлеген. Ал «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында болған жергілікті тұрғындар өздерін мазалаған мәселелерді ортаға салды. Сол сияқты, жер мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.  

 

Бақытжан ӘБДІРАЙЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 

Қазіргі таңда 5 жылға сатуға мораторий қойылады. Екіншіден, жалға беру институтын Қазақстан азаматтарына жалғастырады. Негізгі мәселе - жерге ие керек, жердің қожайыны болу керек. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Тек жұмыс істеп, жерге ие болса, нәтижесі болады.

 

Сурет: nurotan.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер