Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы министрлер кеңесінің отырысына қатысты. Жиында  Армения, Беларусь, Қырғызтан, Ресей мен Тәжікстан мемлекетінің министрлері болды. Олар ұжымдық қауіпсіздік жүйесін дамыту, ұйымның бірлескен штабының жұмысы және өзара ынтымақтастық сынды 11 маңызды мәселені талқыға салып, 2016-2017 жылдарға арналған сыртқы саясат бойынша кеңестер жоспарын бекітті. Сонымен қатар, кездесуде әуе және ракета шабуылына қарсы қорғаныс түйіткілдерін зерттеу жөніндегі ұйымдар туралы ереже қабылданды. Айта кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы 2002 жылы құрылған. Оның құрамында бірқатар құрылымдық органдар бар. Бұл бірлестік жаһандық қауіп - қатерлерге ынтымақтасып, төтеп беруге бағытталған.  

 

Сурет: kapital.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер