Үкімет басшысы Семей қаласындағы бірнеше әлеуметтік нысанды аралады. Премьер-министр алдымен әуежай жұмысымен танысты. 1982 жылы іске қосылған нысанда соңғы жылдары әуе рейстері көбейіп, жұмысы қарқын алып келеді. Оның үстіне халықаралық бағыттарға қосымша қызмет көрсетіп, қаржы табуға мүмкіндік бар. Мамандар тек күрделі жөндеу жүргізуге 10 миллиард теңгеден астам қаражат керек екенін айтты.

 

Одан кейін Премьер-министр Кәрім Мәсімов 1-ші жылу орталығына ат басын тіреді. Мұнда облыс әкімі Даниал Ахметов Семейдегі жылу жүйелерін жаңғырту мәселесіне тоқталып өтті. 2009 жылы басталған ауқымды жұмыстардың бірінші және екінші кезеңі аяқталған, шаһар халқы өткен қыста жылудан таршылық көрген жоқ. Алайда жалпы құны 24 миллиард теңге болатын жобаның үшінші кезеңін толық аяқтауға қосымша қаражат керек. 

 

Расылхан ЖОЛДАСОВ, "ЖЫЛУКОММУНЭНЕРГО" МҚК ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

 

1-ші жылу орталығы жұмысын бітіру үшін оған 2,3 миллиард ақша керек болып тұр. Сол ақшаға жобалық-сметалық құжат бәрі жасалған, барлық экспертизадан өткен. Сол ақшаларды қарастырып жатыр. Ол бөлінсе, осы жылу орталығындағы жұмыстар бітеді. Пайдаланатын электр қуатын, 18 мегават өзіміз шығара бастаймыз. Біріншіден, бағасы жағынан төмен болады, екінші жағынан мұқым кәсіпорынның экономикасы орнықты болады. 

 

Сурет: kaztrk.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер