Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Сара Сьюэллмен жүздесті.   Кездесу барысында тараптар екі ал арасындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен халықаралық өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Гүлшара Әбдіхалықова Қазақстан орталық Азия елдері және АҚШ сыртқы саяси ведомства басшыларының деңгейіндегі "С5+1" форматындағы диалогты қолдайтынын атап өтті. Бұл бастама өңіріміздің жаһандық экономикалық үдеріске кіру жолында  оң әсер етуі тиіс.  Сонымен қатар,  БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің ресми құжатына айналған мемлекет басшысының «Әлем. 21 ғасыр» Манифестінің ғаламдық маңыздылығы жөнінде сөз қозғалды. Әңгіме барысында Елбасы ұсынған "100 нақты қадам" Ұлт жоспары - жаңа институтционалдық орта қалыптастырудың негізі екендігі де айтылды.  

 

Сурет: astanafm.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер