Отандық нейро-хирургтер көпшілікке танымал болған қарағандылық Нияз Сүндетәлиевке үміт сыйлады. Айта кетейік, Нияз осыдан бірнеше жыл бұрын алған жарақатынан мүгедек болып қалған еді. Қазақстандықтар оған шетелде операция жасату үшін қаржы жинап берген де болатын. Алайда Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының мамандары оған операцияны тегін жасауға дайын екендіктерін жеткізді. Сондықтан Нияз қолындағы жиналған 5 жарым млн теңгені. шет елде жедел ем алуы қажет балаларға аударды. Енді отандық дәрігерлер Нияз Сүндетәлиевке осы айда операция жасамақ. Қайсар жігіт өзінің науқастығына қарамастан, аймақтың қоғамдық өміріне белсене араласады. Өзінің жеке блогын жүргізіп отыр. Түрлі қайырымдық шараларға қатысып, жетім балаларға қолдау көрсетуге мұрындық болуда.

 

Нияз СҮНДЕТӘЛИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

 

Маған «Ұлт саулығы» бағдарламасының бас редакторы хабарласты. Қазір олар отандық медицина жайында бірқатар бағдарламаларды түсіріп жатыр екен. Бағдарлама Хабар телеарнасынан көрсетіледі.Олар маған Астанадағы ҚР Президентінің Іс Басқармасы медициналық орталығына жатуымды ұсынды. Операциядан кейін менің денсаулығым біршама қалпына келеді деген үміттемін.

 

Сурет: artsmed.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер