Солтүстік Қазақстан облысында  енді жол ережесін бұзған жүргізуші айыппұлды сол мезетте-ақ банк карточкасы арқылы төлей алады. Өңірдегі полицейлер РОS – терминалдармен қамтамасыз етілді.  Бұл көлік иелерінің айыпұл төлеуін жеңілдетеді. Әзірге жол – патрульдік полиция қызметкерлері осындай 40 құрылғымен жабдықталған. Пилоттық жоба жүзеге асқан 10 күннің ішінде қазынаға 300 мың теңгеден астам қаржат түсті. Сонымен қатар жергілікті полиция қызметі газ талдағыш, түтін және әйнектің күннен қорғайтын қабатын өлшейтін құралдармен де қамтылып отыр.

 

Шәмшиден АҚЫШЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ІІБ ЖПҚ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Транзитпен өтіп бара жатқан басқа облыстардың, басқа республикадан өтіп бара жатқан адамдар сол POS – терминалдар арқылы өздерінің Visa карточкалары болса, сол арқылы 50 пайыздық штрафты төлей алады орнында. И сразу базадан сол квитанциялар жабылып отырады. 

 

Сурет: m-astana.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер