Қарағандылық археологтар жер астынан ескі заманнан қалған ерекше құрылысқа кез болды. Кесененің  келбеті пирамидаға ұқсас. Ғалымдардың айтуынша, табылған олжа мысырдағыдай алып болмағанымен, Ұлы дала үшін бірегей архитектура саналады.  Қорған біздің дәуірімізге дейінгі 15-10 ғасырларды қамтиды. Ежелгі құрылыстың қазіргі биіктігі 2 метр, 5 қабат қабырғадан тұрады. Тарихи жәдігер Қарағанды қаласынан 120 шақырым жерде орналасқан Талды аулының маңынан табылды. Ғалымдар пирамиданың құрылысына қарап, осыдан 3 мың жыл бұрын Сарыарқаны мекендеген жергілікті тайпалардың көсеміне арнап салынған болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. 

 

Виктор НОВОЖЕНОВ,  АРХЕОЛОГ:

 

Мұндай құрылыстарды салатын тайпаларды киммериялықтар деп атайтын. Біздің аймақта бұл ежелгі құрылысты салған тайпалар өздерін қалай атағаны белгісіз. Сондықтан біз бұл ескерткішті соңына дейін қазып, зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Қола дәуіріндегі тайпалардың тұрмысын осы зерттеу жұмыстарының қорытындысынан білуге болады.

 

Сурет: www.inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер