Келер жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы аясында ауыл мұғалімдері де шетелдің озық білім ордаларында оқуын жетілдіре алады.  Бұл мәселе мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалымен өткен кадрларды даярлау жөніндегі комиссия отырысында қаралды. Осы санаттағы талапкерлер үшін енді ағылшын тілі бойынша "Айлтс" көрсеткішінің шектік балы 5-ке төмендетілді. Сондай-ақ, шалғайдағы  ұстаздардың оқуды еңбекпен өтеу мерзімі бес жыл емес, одан біршама қысқарады.  Айта кетейік, биыл мемлекеттік стипендия 700 үміткерге тағайындалыпты. Жалпы  23 жыл ішінде бағдарлама бойынша  9 мың түлек оқуын тәмамдап,  түрлі салада еңбек етіп жүр.  Қазір бір жарым мың студент сырт елде білімін жалғастыруда.

 

Ғани НЫҒЫМЕТОВ,  "ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ" АҚ ПРЕЗИДЕНТІ:

 

Ауыл мұғалімдеріне жеке санат жасалып, жеке квота беру мәселесі пысықталып, келер жылдан ауыл мектептерінің мұғалімдеріне болашаққа жеңілдікпен түсуге мүмкіндік болады. Орта деңгейдегі ағылшын тілін білсе магистратураға бара алады. Келешекте  ауылда жұмыс істей ме, қалада жұмыс істей ме жалпы мамандық бойынша жұмыс істеуге талап қойылады.

 

Сурет: www.kursiv.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер