Қарағандылық агро-техникалық колледж базасында жасыл технологияларды тарату орталығы ашылды. Әзірге еліміз бойынша құрылған бірден-бір орталықта өңір шаруалары өз кәсібінде энергия үнемдеуге мүмкіндік беретін технологияларды кеңінен қолданатын болады. Онда  заманауи технологияларды меңгеремін деушілерге дәріс бермек.

 

Серік НӨГЕРБЕКОВ, "G-GLOBAL" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 

Біз Қарағанды облысының азаматтарын жаңа технологияға, жасыл технологияға және инновациялық технологияларға оқытып, теория жағынан болсын, практика жағынан болсын, оқу қорытындысы бойынша сертификат береміз.

 

Орталықтағы зертханада күн батареялары, күн сәулесінен қуат алатын пеш, желдің күшімен электр энергиясын өндіретін жабдықтар бар. Бұлардың барлығы ауыл шаруашылығына қажетті құрылғылар дейді колледж мамандары.

 

Сергей ЖУКОВ, ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ШЕБЕРІ:

 

Ғимараттың оңтүстік жағына мына терезені орнатамыз, бұл арқылы суды 70 градусқа дейін жылытуға болады, күніне 100 литр ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.

 

Колледж жақын орналасқан жылыжайды желқағар, су жылытқыш және күн батареясымен қамтамасыз етіп отыр.  Бұл жасыл технологиялар - аталмыш оқу орнының ұстаздары мен студенттерінің өнертабысы. Сондықтан мақсатымыз – орталыққа келген шаруалармен тәжірибе бөлісу дейді студенттер.

 

Сурет: gsmavto.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер