Қазақстанда үздік ғылыми жұмысқа грант бөлетін бағдарлама іске қосылды. Зерттеушілер, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер байқауға қатысып, бағын сынап қолдау тапса болады. Өтініштер тамыздың 31-не дейін қабылданады. Аға ғылыми қызметкерлерге бөлінетін грант 230 млн теңгені құраса, жас ғалымдардың 180 млн. теңге алуына мүмкіндік бар. Қаржыландыру 3 жыл көлемінде бөлініп отырады. Айта кетейік, білім және ғылым министрлігі жобаны Дүниежүзілік банкпен бірлесіп өткізуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың негізгі мақсаты -отандық өндіріске жаңа технологияларды енгізу. 

 

Алау АХМЕТЖАНОВ, "ӨНІМДІ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ" ЖБТ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Ғалымдар мен венчерлік капиталистерді тартамыз. Олардан ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңес құраймыз. Бұл халықаралық кеңес жобаларды таңдаған кезде ең бастысы- жобаның нарыққа шығу қабілетілігін бағалайды. Сонымен қатар, сол жобаны жүзеге асыратын сол топтың потенциалына қарайды.

 

Сурет: cso-central.asia

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер