Ауғанстан астанасы Кабул қаласының орталығында жарылыс болып, 3 кісі жарақат алды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, оқиға бүгін жергілікті уақыт бойынша таңғы 9-дың шамасында болған. Жарылғыш зат елдің ұлттық қорғаныс министрлігіне тиесілі автокөлікке орнатылыпты. Оқиға кезінде ол елдің Жоғарғы соты мен АҚШ елшілігі орналасқан аймақтағы тұрақта тұрған көрінеді. Жарылыстан жақын маңдағы бірнеше дүкенге зақым келіп, тұрғын үйлердің терезелері сынған. Зардап шеккендер жедел ауруханаға жеткізілді. Қауіпсіздік күштер оқиға орнын қоршауға алды. Бұл шабуыл үшін жауапкершілікті әзірге ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ.   

 

Сурет: loveopium.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер