Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы ескі ет комбинаты іске қосылып, ауылда жаңа жұмыс орындары ашылды. Енді  Жаңақаламен қоса көршілес Бөкей Ордасы мен Жәнібек ауданының тұрғындары да малын осы кәсіпорынға әкеліп өткізуде. Сондай-ақ биыл мұнда шұжық шығаратын цех пен сүт өңдейтін жаңа желі де іске қосылмақ. Комбинатты іске қосу үшін кәсіпкер жеке қаржысынан  6 млн. теңгедей инвестиция салған.

 

Мирлан КЕНЖЕҒАЛИЕВ, ЕТ КОМБИНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 

"Даму" қорына заявка беріп қойдық. Саттыққа қойған екен, соны саудаға салып. 56 миллионға қойылып жатыр. Осы айда қарап, документі бәрі бітсе, ақшаны аударып иесіне, өзімізге жекеменшік етсек, күрделі жөндеуден өткізгіміз келіп жатыр.

 

Бүгінде кәсіпорын Жаңақала, Жәнібек, Бөкей Ордасы аудандарымен келісім-шарт жасасқан. Құжатқа сәйкес, аталған аудандардың тұрғындары комбинатқа ірі қараның етін 900-950 теңгеден өткізсе, жылқы етінің келісін 1000 теңгеден беріп отыр. Тұрғындар өткізген малының ақшасын қолма қол санап алады.

 

 Айбек АПАҚАЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 

Әрине, өте тиімді. Бізге жақсы болды жұмыс істеп жатқаны осы ет комбинатының. Халық риза болып жатыр. Бүгін 5 бас ірі қара малын алып келіп тұрмын союға. Жақсы бағамен өтіп жатыр. 900 теңгеден сойылып жатыр. Жақсы бәрі.

 

Комбинат малдың етін Атырау мен Маңғыстау облыстарына және көршілес Ресей Федерациясына жөнелтуде. Шектеу алынып тасталғалы бері Ресейдегі шұжық цехтарынан тапсырыс көптеп түсуде. Әсіресе бұзау мен арық малдан алынатын жасық етке деген сұраныс өте жоғары,- дейді ет комбинатындағылар. Олар жыл аяғына дейін шұжық цехын ашып, сүт өнімдерін шығаратын жаңа желіні іске қосуды жоспарлап отыр. 

 

Сурет: www.lavkamysnika.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер