Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында тәжірибе үшін егілген алқапта әзірге гектарынан 25-27 центнер өнім алынуда. Ауданда 23 мың гектардан астам суармалы жер бар. Жаңа технологияларды игеру арқылы қазір соның жартысынан астамы жайқалып тұр. Бұрын тек мал шаруашылығы өрге дамыған Тарбағатай ауданы бүгінде сапалы көкөніс, бау-бақша өнімдерімен де сыртқа таныла бастады. Кооперативке тиесілі 3 мың гектардың 2 мыңнан астамы толық игерілген.  Күнбағыс, картоп, жүгері мен қауын-қарбыз егілген. Қалғанына басқа да дәнді дақылдар өсірілуде. Қазір диқандар үшін қызу науқан басталды. Бидай алқаптарына орақ салынды.

 

Әбдіғани ТҰРЫСҚҰЛОВ, "МЫРЗАШӨЛ" ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 

Бидайымызды жинап жатырмыз. 150 гектар. 5-6 күн болды бастағанымызға. Бір комбайн істеп жатыр. 60 гектар жер дайын, орып қойдық. Түсімі 25-27 орташа сол.

 

Кооператив10-нан астам шаруашылықтың басын қосып отыр. Соңғы жылдары аудандағы тұрақтандыру қорын қыс бойы арзан көкөніспен қамтып келеді. Биыл артылған өнімдерді көршілес Ресей нарығына да шығару көзделіп отыр.

 

Сурет: otchetynds.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер