Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде 128 мыңнан астам жәдігердің ішіндегі «Тобыл ойшылының» орны ерекше. Ол - біздің заманымызға дейінгі үшінші және  бірінші мыңжылдықтың аяғына тиесілі» - дейді мамандар. 1976 жылы Тобыл өзенінің жағалауынан механизаторлар тауып алған мүсін енді жұртшылық назарына қайта ұсынылмақшы.     

 

Айбике ҚАЗЫБАЕВА, МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 

Бұл мүсіннің түсі қоңыр сұр болып келеді, салмағы 4 келіні құрайды, биіктігі 202 мм болып саналады. бұл мүсінге қарасақ ер адамның отырған бейнесін көрсетіп тұр. және де ер адам аспанға қарап тұрған бейнесін бейнелейді. Яғни, ең бастысы көзге көзіміз түседі. көз ұясы ерекше болып бейнеленген.

 

Антропоморфтық мүсін ғалымдар мен тарихшылар арасында кеңінен танымал болса да, қарапайым халық  ол туралы біле бермейді. Сол үшін жергілікті мүсіншілер ежелгі дәуір туындысын ескерткішке айналдырмақшы. Ізденіс екі жыл бұрын басталды. 

 

Владислав  ГАЛБЕН,  ҚР СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ:

 

Музей түнінде адамдардан сұрастырып көрдік. Мағлұматтары мардымсыз. «Тобыл ойшылын» бұлай таса да қалдыруға болмайды деп шештік. Көптеген әдебиеттерді оқыдық, түпнұсқасын фотоға түсірдік, бірнеше шағын нобайларын жасадық. Бұл мүсін Қостанайдың мақтанышы. Оны халық білуі керек.

 

Биіктігі 180 сантиметр, салмағы үш тонна ескерткіш бетоннан құйылып, қола түстес сырмен боялған. Сәулет өнерінің барлық талаптары сақталған. Кемі елу жылға дейін шыдас береді.

 

Егор КИСЛИЦИН, МҮСІНШІ:

 

Біз сол дәуірдің тынысын көрсеткіміз келді. Тастағы таңбаларды салғанымыз сондықтан. Сол замандағы наным-сенім қандай болды, адамдар қалай аң аулады, немен шұғылданды, міне осыларды бейнелеуге тырыстық.

 

Қырық жыл бұрын жағалаудан табылған жәдігер, таяу күндері Тобыл өзенінің жиегіндегі, демалыс алаңына орнатылмақ. Ал, мүсін авторлары келешекте биіктігі 20 метр болатын «Тобыл ойшылын» құюды жоспарлап отыр. 

 

Сурет: culturemap.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер