Шығыс Қазақстанда «экологиялық лагерьде» демалуға ынта білдірген мектеп оқушыларының саны жыл сайын артып келеді. Алайда Риддер қаласында ашылған лагерьге қабылдаудың белгілі бір талаптары бар. Демалыс орнына ең белсенді, білімді, қоршаған ортаны қорғауға байланысты өз ой-пікірі қалыптасқан оқушылардың ішінен экологиялық тақырыпта «ең үздік шығарма» жазғандары ғана іріктеледі. Осылайша биыл Риддердегі эколагерьде 100 мектеп оқушысы жазғы уақыттарын пайдалы да әсерлі өткізіп жатыр. Өйткені балалар ол жерде тек демалып қана қоймай, ғылыми жобалармен айналысып, қоршаған ортаны зерттеумен шұғылданады. Бұл болашақта экологиялық проблемаларға бей-жай қарамайтын табиғат жанашырларының қалыптасуына ықпал етеді, - дейді жоба жетекшілері. 

 

Дарья СЕНОКОСОВА,  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  ЛАГЕРЬГЕ ҚАТЫСУШЫ:

 

Мен бұл жерге тек демалу үшін келгенім жоқ. Өзім табиғатты ерекше жақсы көремін. Өйткені адамзат үшін ауа да,су да, ағаштар да аса қажет. Ендеше осыларды  қалай қорғауға болады,қалай таза ұстауға болады,соны үйренгім келеді. Себебі  қаншама өзен-көлдер ормандар экологиялық зардап шегіп жатыр ғой. 

 

Сурет: www.bnkomi.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер