Сыр өңірінде құмға көміліп, суы тартылған құдықтарды жаңғыртуда жасыл технологиялар қолданылуда. Осы мәселені реттеуде БҰҰ-ның Даму бағдарламасы көмек қолын созып отыр. Әзірге Арал мен Сырдария ауданындағы 2 құдық толық жаңғыртылды. Күн сәулесінен қуат алатын қондырғылар жылдың барлық мезгілінде тереңнен су шығарады. Сонымен қатар, бұл шопандардың тұрмысына қажетті электр қуатын да беріп отыр. Қазір жобаның тиімділігіне көз жеткізген аймақ шаруаларынан тапсырыс көптеп түсіп жатыр.    

 

Маралбек Әлиев, шаруа:

Жылқының өзі 300 бастай болып қалады, құлындары бар дегендей. Соларды суаратын кезде көлден мұз ойып суарамыз, сосын құдықтан қауғалап тартамыз суды. Қиыншылықты көрдік осы уақытқа дейін. Қазір бір пернемен суды қосамыз, су ағады. Келген мал содан ішіп кете береді. Ірі қара, жылқы, майда мал қой-ешкілер де сол судан ішеді. Жағдайымыз қазір жаман емес бұрынғыдай емеспіз.

 

Ермек Айтбанов, "Халықаралық Арал құтқару қоры" атқарушы дирекциясы Қызылорда филиалының сарапшысы:

Құдықтарды жаңғырту мен мал азығын дайындау жобалары жасыл технологияға негізделген. Бұл ретте БҰҰ Даму бағдарламасы аясында шаруаларға жоңышқа тұқымдары да тегін беріліп жатыр. Жобалардың барлығы «Агробизнес-2020» бағдарламасына да енгізілген.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер