Персеид жұлдыздар ағынына петропавлдықтар да куә болды. Бұл жолғы көктегі құбылыс әдеттегіден белсенді болды. Астрономдардың айтуынша, сағатына 200–220 метеоритке дейін құлаған. Қайталанбас құбылысты көрген де, көрмеген де арманда.

 

Айғаным Қуандықова, қала тұрғыны:

Керемет көрініс. Жұлдыздың аққанынан асқан әдемілікті көрмедім. Осы түнде жылда күтемін. Осымен 4- ші рет тамашалап, тілек тіледім.

 

Аспаннан аққан жұлдыздар артынан ақшылт із қалдырып, жоқ болып кетеді. Ал астрономдар оларды бақылап қана қоймай, зерттеу жүргізеді. Андрей Солодовник таңғажайып түнді тапжылмай тамашалайды. 

 

Андрей Солодовник, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ астрономия ғылымдарының доценті:

Өткен жылы сағатына 100-дей жұлдыз ақса, биыл олардың саны 1 жарым есе көп. Сонымен қатар ауа-райы да тамаша. Былтыр бұлттар кедергі келтірсе, осы жолы аспан шайдай ашық.

 

Жұлдыздар жаңбыры таң ата тоқтайды. Қайталанбас құбылысты әлі 10 – 12 түн тамашалауға болады. 

 

 

 

Сурет: www.saroblnews.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер